Ұлытау облысы әкімі Берік Әбдіғалиұлы ірі трансұлттық компаниялардың өкілдерімен кездесті.Кездесуде...
Нұр-Сұлтанда «SAP NOW Kazakhstan 2019» форумы өтті
Бүгін «Hilton» қонақ үйінде «SAP NOW Kazakhstan 2019» корпоративті қосымшалар нарығындағы әлемдік көшбасшы компанияның ұйымдастыруымен «Бизнес ақылмен» атты форумы өтті.
SAP NOW Kazakhstan 2019 форумында SAP клиенттері, серіктестері мен сарапшылары инновациялық шешімдердің бәсекелес ортада көш бастауға жетелейтіні мен технологиялардың арқасында шын мәніндегі интеллектуалды кәсіпорын құруға болатыны туралы сөз қозғауға болатынын айтып, жаңа технологиялар көрмесі де көрсетілді.
Сондай өзінің әлемдік тәжіриебесі бар, жаңашылдықпен келген компаниялардың бірі – Accenture. Accenture – бұл жаһандық компания. Стратегиялар, консалтинг, цифрлық қызметтер, технологиялар және компаниялардың операциялық қызметін оңтайландыру саласындағы кәсіби қызметтердің әлемдік нарықтағы көшбасшыларының бірі.
Accenture компаниясының 2018 жылғы жалпы табыс көзі 39,6 млрд АҚШ доллорын құраған екен. Бұл компанияның әлем бойынша жұмыскерлерінің саны 477 000 құраса, клиенттарының саны 6000 көрсетіп тұр. Бар жоғы Қазақстанда 7 жыл болған компания қазіргі таңда 150 жуық жобалары бар. Бұл компанияның сізге көрсететін көптеген қызметтері бар. Ал Ресей Федерациясында 25 жыл уақыт жұмыс істеп, қазіргі таңда 1000-ға жуық жобалары бар. Бұл компанияның өзінің тұтынушыларына көптеген қызметтер көрсете алады. Мысалға алатын болсақ:
- Тұрақты жергілікті команда
- Үздік әлемдік сарапшылар
- Терең индустриалды білім
- Көптеген технологиялық қызметтер
- Жақсы нәтиже көрсеткіштері
Аccenture компаниясы қызметкерелінің айтуы бойынша бұл өтіп жатқан форумға көптеген жаңалықтар алып келгенін айтып, өздерінің компаниялары туралы ақпаратпен бөлісті.
Аccenture — бұл халықаралық консалтингтік компания. Біз барлық консалтингтік қызмет түрлерін — стратегиядан бастап, технологиялық консалтингке дейін ұсынамыз, технологиялық шешімдерді енгізумен және аутсорсинг қызметімен айналысамыз. Бүгінде біз аутсорсингтің жаңа тәсілдерін дамытып жатырмыз, яғни, компаниялардың сервистерінің бір бөлігін ғана өзімізге алмаймыз, сондай-ақ, клиентке икемді шешімдер ұсынамыз. Бұл – жаңа қызықты тәсіл. Бүгін форумда біз қаржы сессиясында Success Factors бойынша халықаралық авиа тасымалдаушының кейстері туралы баяндадық. Көрме аймағында жеткізілімдер кезеңін басқаруды ұсынып тұрмыз, яғни, өндірушіден бастап қоймаға дейін, кейін дүкенге дейінгі жұмыс сатысын көрсетеміз. Бұл блокчейн технологияларға негізделген және негізгі міндет — уақытты үнемдеу және іс-қимылдың айқындығы. Біз вагон немесе фураларды қадағалаумен қатар, әрбір тауар түрін бақылаймыз, контрафактілік тауарларға айырбастап жіберуге мүмкіндік болмайды, бәрі қатаң қадағаланады», – дейді, Аccenture маркетинг маманы Евгения Хохлова
Сондай-ақ, ҚТЖ SAP компаниясының форумына қатысты. ҚТЖ өкілдерінің алып келген жоба атау «Біріктірілген басқару жүйесі». SAP S4/HANA платформасына жүзеге асып жатқан трансформация бағдарламасы туралы баяндама жасап, түсіндірді. ҚТЖ жобасының мақсаты –барлық кезеңдердегі жоспарлау және болжамдау процесін жетілдіру. Жобаны жүзеге асыру жоспарлау процесін ашық етіп, нақты уақыт режимінде релевантты мәліметтерге сүйене отырып шешім қабылдауға мүмкіндік беретіні туралы айтылды. Аталмыш жоба – көлік-логистика саласы үшін жасалған тиімді инновациялық шешім. Ол машинамен оқыту технологиялары, үлкен көлемдегі деректерді сараптау мен болжау сараптамасына негізделген.
6 залда өткен форумда түрлі тақырыптар таныстырылып, көптеген жаңа идеялар айтылды. 1000-ға жуық қатысушы болды. Форумда Андрей Михеев, Александр Маслюк, Роман Инюшкин сынды SAP компаниясының өкілдері баяндамалар жасады.
Форумда SAP жаңа нұсқалары және IT шешімдерінің жаңартылған нұсқалары көрсетіледі. SAP компаниясының мамандары мен серіктестері кәсіби практикадан 70-тен астам презентацияларды ұсынды, клиенттер өздерінің цифрлық трансформация тәжірибелерін қатысушылармен бөлісті. Интерактивті көрме алаңында қонақтар SAP және серіктес компаниялардың жұмыстарымен танысты.
SAP Қазақстандағы басқарушы директоры болып тағайындалған Евгений Теремовтың айтуы бойынша «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асуы үшін бірнеше шешімдер шығарады. Ол операциялық тиімділік пен SAP-тың аймақтағы қызметінің нәтижелерін жақсарту үшін жауап береді.
Е.Теремов бұл қызметке тағайындалуға дейін ҚР Қаржы министрлігіндегі «Электронды коммерция орталығында» департамент директоры, басқарма мүшесі, бас директор міндеттерін атқарған. Теремов жетекшілігіндегі жобалардың нәтижесі Қазақстан Республикасы Үкіметі деңгейінде жоғары бағаға ие болған.
«SAP көптеген жылдар бойы экономика дамуының стратегиялық серіктесі қызметін атқарып келеді, серіктес экожүйені құрайды, инновацияларды қолдайды, елдегі адам капиталының дамуына қаржы құяды. Ұжыммен бірге мен Қазақстандағы бизнес пен серіктес каналды дамытуды жалғастырамын, сонымен қатар мемлекеттің IT-көшбасшыларымен бірлесіп, цифрлық экономиканың дамуы мен «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асуы үшін шешемдер ұсынамыз», - деді SAP Қазақстан басқарушы директоры Евгений Теремов.
Ресейдің 60-тан аса ЖОО-на SAP бағдарламалық жасақтамасын тегін пайдалану мүмкіндігі берілген. 2017 жылдан бері студенттер мен жас IT-мамандар үшін 12 SAP Next-Gen Lab инновациялық орталығы ашылған.
Бұдан басқа, форум барысында «Өндіріс пен активтерді басқару» панельдік сессиясы өтті. Ол жерде де «Біріктірілген басқару жүйесі» жобасы таныстырылды.
SAP – компанияның шешімдері мен сервистерін 180 елдегі 413 мыңнан аса клиент қолданады. 1992 жылы Мәскеуде SAP SE кеңсесі ашылды, қазіргі таңда SAP CiЅ қызметкерлерінің саны 1300-ге тарта адамнан тұрады. Компания ТМДның барлық елдерінде қызмет етеді. 2012 жылы Мәскеуде SAP Labs зерттеулер мен әзірлеу орталығы ашылды. Қазіргі таңда Санкт-Петербургте аталмыш орталықтың бөлімшесі бар. SAP - мәліметтерді өңдеу орталығы. Ресейде орналасқан бірден-бір халықаралық әзірлеуші. Компания орталықтың қуаттылығын үнемі арттырып отыр.
Естеріңізге салсақ, «SAP NOW Kazakhstan» форумы Қазақстанда 13 рет ұйымдастырылып отыр.
Нұрлан Адамзатұлы