Алматы маңындағы тауларда тамыз айында қар жауды (ВИДЕО)

Алматы облысындағы Ақкөл жайлауы. Кадр видеодан: threads.com/@nomad_sky.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
17

Алматы облысының таулы аймағында тамыз айының соңында қар жауды. Райымбек ауданындағы Ақкөл жайлауында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Threads желісіндегі Nomad_sky.kz парақшасының авторы тауда жапалақтап қар жауған сәтті видеоға түсірген. Кадрлардан тау бөктерін қар басып, айналаны қалың тұман торлағанын көруге болады.

«Райымбек ауданы Ақкөл жайлауының тауларында жапалақтап қар жауды. Биыл қыс ерте түсетін сияқты ма, қалай өзі?» – деп жазды видео авторы.

Бұған дейін синоптиктер 25-27 тамыз аралығында еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы құбылып, жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел болуы мүмкін екенін ескерткен.

 
Посмотреть в Threads

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қоғам қайраткері әрі әнші Бекболат Тілеухан журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында кезінде өзіне...

PESTEL

Түркияның Айдын қаласында жолда келе жатқан Mercedes AMG EQE 53 электрмобилі өртеніп кетті, деп ха...