Өрттің салдары: Ақтөбе облысы әкімдігінің қызметкерлері бүгін қашықтан жұмыс істейді

Фото: әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
152

Қазіргі кезде полиция қызметкерлері әкімдік ғимаратын қоршауға алған. Оқиға орнында әлі де өрт сөндірушілер жүр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ақтөбе қаласының Әбілқайыр хан даңғылы бойында орналасқан әкімдік ғимаратына ешкімді кіргізбейді. Оқиға орнында қазір криминалистер, төтенше жағдайлар қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Сонымен бірге тазалықшылар, электрмен қамтитын мекеменің авариялық қызметі де келді.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін жұмыс онлайн болады. Ақтөбе өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты да кейінге шегерілді. Әкімдікте орналасқан Ахуалдық орталық та жұмысын уақытша тоқтатты.

Ғимаратқа ешкімді кіргізіп жатқан жоқ. Іште комиссия бар. Тексеріс болып жатыр, — деді взвод командирі Азамат Сембаев. 

MADENI TV

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт&raquo...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы Мұхтар Шаханов қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде ем қабылдап жат...