Атырау облысынан суға батып кеткен екінші жасөспірімнің денесі табылды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1754

Атырау облысында жасөспірімдер суға түсуге арналмаған орында батып кетті, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Қайғылы оқиға 7 шілде күні Махамбет ауданына қарасты Сарытоғай ауылында болған.

Куәгерлердің айтуынша, олар шомылуға арналмаған жерде суға түскен кезде батып кеткен.

Жасөспірімдердің бірінің денесі сол күні табылды. Ал екінші баланың денесін құтқарушылар 8 шілде күні кешке оқиға орнынан 35 метр қашықтықтан тапты.

Іздеу жұмыстары тәулік бойы жүргізілді. Оған Атырау облыстық ТЖД жедел-құтқару жасағының күші, полиция қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар тартылды. Барлығы шамамен 20 адам және 14-тен астам техника жұмылдырылған.

Құтқарушылар судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, сондай-ақ балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға шақырады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...