Танымал ақын Ақұштап Бақтыгереева Мақпал Жүнісованың қызына сақина сыйлады

Фото: el.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2244

Танымал ақын Ақұштап Бақтыгереева әнші Мақпал Жүнісованың қызы Мерейге сақина сыйлады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Қаламгер 80 жас мейрейтойын атап өтіп, өнер өкілдерінің басын қосты. 

Айналайын, дами беріңдер! “Әкемнің құрдасының қолынан алдым” деп тағып жүр. Сенің бриллианттарыңнан қымбат емес шығар?! Бірақ көңілі мен жолы қымбат. Мақпал, бұл сақина саған емес, Мерейге беріп жатырмын. Болашақта қолынан тастамай тағып жүрсін! Менің батам мен алғысым осы. Аман болыңдар! Өзің де елдің батасын алып, жүре бер, – деді ақын. 

Халық әртісі жеке парақшасында алғыс айтып, ризашылығын білдірді. 

Ақұштап апам Мерейге сақина сыйлады. Апамның абыройын, жасын берсін! Апамның ғасыр тойына жетуіне тілектеспін, – деп жазды әнші. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар...