Із-түзсіз жоғалып кеткен 2 полицейдің жағдайы белгілі болды

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1419

Приморьеде екі полиция қызметкері бес күннен бері із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ  POLITICO.KZ сайтына сілтеме жасап.

Примор өлкесінде екі полиция қызметкері – подполковник Василий Чугунков пен капитан Максим Поздняков бес күннен бері байланысқа шықпай, із-түссіз жоғалып кетті. Бұл туралы SHOT дереккөзі хабарлады.

38 жастағы Чугунков — Фокино қаласындағы жабық әкімшілік-аумақтық құрылым (ЗААҚ) полиция басқармасы басшысының орынбасары. Ал 32 жастағы Поздняков — Қылмыстық іздестіру басқармасының аға жедел уәкілі. Олар 30 сәуір күні Примор өлкесінің Партизан ауданындағы Сергеевка ауылына (Владивостоктан шамамен 180 км және Фокинодан 150 км қашықтықта) балық аулауға кеткен.

Олар 3 мамыр күні қайтуы тиіс болған, бірақ сол уақыттан бері ешқандай хабар бермеген және байланысқа шықпаған.

Қазір құқық қорғау органдары мен жергілікті еріктілер екі полицейдің жоғалуына байланысты іздестіру жұмыстарын бастап кетті. Аймақтағы орманды және су айдындарын тексеру жүргізілуде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...

ЖАҢАЛЫҚТАР

15 жастағы қызылордалық қызды 21 жастағы колледж студенті бірнеше рет зорлаған. Жәбірленуші жігітпен...