Бүгін Атырауда қайын жұртын қойдай қырған күдіктінің соты басталады

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
630

Бүгін Атырауда Жангелдин ауылындағы отбасының өліміне қатысты резонанс тудырған іс бойынша сот процесі басталады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қылмыстық іс Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотына түсті. Алғашқы ашық сот отырысы сағат 11:00-ге белгіленген.

Айыпталушы – Сұлтан Сәрсемәлиев. Ол енесін, атасын, қайын ағасы мен қайын апасын өлтірді деген күдікке ілінген.

Істі судья Зарема Хамидуллина қарайды. Бұл шулы қылмыс бұған дейін Қазақстан қоғамында үлкен резонанс тудырған еді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда блогер Әділетхан Молдаханға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады MadeniPortal.kz. С...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астананың Есіл ауданында салынып жатқан ғимараттан шыққан өрт сөндіріліп жатыр, деп хабарлады M...