Ер адам көшеде кетіп бара жатқан 4 адамды пышақтап тастады

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1247

24 ақпан күні таңертең Вашингтон штатында тұрғын үй маңында болған қарулы шабуыл салдарынан бес адам қаза тапты. Олардың арасында 32 жастағы қылмыскердің өзі де бар, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Пирс округі полициясының сайтында жарияланған баспасөз хабарламасында айтылған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті соттың байланысқа тыйым салу туралы талабын бұзған. Оқиға орнына келген офицерлер үйдің сыртында адамдарға пышақпен шабуыл жасап жатқан ер адамды анықтаған.

Полиция қызметкерлері шабуылдаушыға оқ атып, оны оқиға орнында залалсыздандырған.

Бұл оқиға жергілікті биліктің алаңдаушылығын туғызып отыр. Белгілі болғандай, сот бұйрығы күдіктіге тапсырылмағандықтан, заңды күшіне енбеген.  

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...