Танымал компания “Қайраттың” қақпашысына көлік сыйлады

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
760

УЕФА Чемпиондар лигасына жолдама алу жолында ерекше көзге түскен «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбековке Astana Motors компаниясы Hyundai маркалы автокөлік сыйлады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Sportinside.kz сайтына сілтеп.

«Қайрат» пен «Селтик» арасындағы тарихи ойында 120 минут бойы қақпаны күзетіп, пенальтилер сериясында үш бірдей соққыны қайтарған Темірлан соңғы күндері жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленіп жүр. Бүгін көпшіліктің сүйіктісіне айналған қақпашыға жаңа көліктің кілті ресми түрде табысталды.

Әлеуметтік желіде Анарбековті құттықтап, алғысын білдірген жанкүйерлердің пікірі толастар емес.

«Бүкіл автосалон көлік берсе де жарасады», «Мұндай еңбек үшін көлік сыйлау – аздық етеді. Ерледі», «Мінсе, қазағымның осындай жігіттері мінсін», – деп жазды желі қолданушылары.

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...