Танымал миллионер тікұшақ апатынан қаза тапты

Фото: Ресей ТЖМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1974

Ресейдің Пермь өлкесінде жеке тікұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан екі адам қаза болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы өңір бойынша Ресей ТЖМ Бас басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Бардым ауданында “Ашатли-парк” демалыс базасының аумағында жеке тікұшақ құлап түсті. Өкінішке қарай, тікұшақ апаты салдарынан екі адам қаза тапты», – делінген ақпаратта.

Baza Telegram-арнасының хабарлауынша, Пермь өлкесіндегі жеке тікұшақ апатынан “Таттранском” компаниясының құрылтайшысы Ильяс Гимадутдинов және осы фирманың автоколонна басшысы Эльмир Коняков қаза болған. Арнаның алдын ала мәліметіне қарағанда, ұшу кезінде қозғалтқышқа мұз қатқан болуы мүмкін.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...