Кәмелетке толған кез келген азамат үй кезегіне тұра алады

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2564

Тұрғын үй саясатын реформалау бойынша жаңа заң бекітілді. 2025 жылдың мамыр айынан бастап күшіне енбек, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Енді кезекке қою міндетін «Отбасы» банк атқарады. Бір орталықтан, «бір терезе» қағидатына сай жүргізіледі.   

Жаңа заң бойынша басты артықшылықтың бірі – енді 18 жасқа толған, иелігінде баспанасы жоқ кез келген азамат үй кезегіне тұра алады. Десе де үй кезегін реттеу кезде әлеуметтік осал топтағы азаматтарға басымдық берілетін болады. Бұрын 3 санат қана мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға құқылы болса, енді оларға тағы 5 санат қосылмақ.

Тағы бір жаңашылдық – осы  күнге дейін «сатып алу құқығынсыз» жалға берілген үйлерді уақыт өте жекешелендіріп алуға мүмкіндік беріліп отыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі саясаткер әрі қоғам қайраткері Бахыт Түменова өмірден өтті. Бұл туралы мәж...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазір әлеуметтік желілерде продюсер Баян Алагөзова мен жұбайы Тұрсын Алагөзовтың қазақ киносының аңы...