Жеке үйдің ауласынан жылан шықты: Байсеркеге құтқарушылар шақырылды

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
445

Алматы облысы Іле ауданының Байсерке ауылында жеке тұрғын үйдің ауласына жылан кіріп кеткен, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға орнына құтқарушылар шақырылып, арнайы құралдың көмегімен жыланды қауіпсіз түрде ұстап алған.

Құтқарылған жылан елді мекен аумағынан тыс жерге шығарылып, тұрғын үйлерден алыс қауіпсіз аймаққа жіберілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға жыланға жақындамауға және оны өз бетінше ұстауға әрекет жасамауға кеңес берді.

«Егер үйден немесе ауладан жылан байқасаңыз, қауіпсіз қашықтықты сақтап, дереу 112 нөміріне хабарласыңыз», – деп ескертті ведомство. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкенттегі жекеменшік мектепте бірінші сынып оқушысына тиісті деп айыпталған мұғалімнің ісі сотта қ...

СПОРТ

Португалиялық БАҚ Криштиану Роналдудың осыдан бір жыл бұрын берген сұхбатын жариялады. Онда ол өзі...