Бурабайда Ұлттық құрылтайдың IV отырысы басталды

Фото: Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
1213

Президенттің қатысуымен Бурабайда Ұлттық құрылтайдың IV отырысы басталды, деп хабарлайды Madeniportal.kz.

Бүгін Ұлттық құрылтайдың Бурабайда өткізілетін екінші күні.

Жиында мемлекет басшысы сөз сөйлеп, Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен 2022 жылдың маусымында алғаш рет жиналған құрылтай мүшелері биыл төртінші рет бас қосуда.

Былтыр Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында көтерілген бастамалардың нәтижесінде 10 заң жобасы ұсынылып, 9 заң қабылданды. Ұлттық құрылтайға қатысушылар еліміздің әр өңірінен келді.

Құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары Ұлытау, Түркістан, Атырау сияқты тарихи маңызы бар қалаларда өтіп, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылауға және шешімдер қабылдауға мүмкіндік берді. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...