Тәрбиешілері сиыр дейтін: Шетелдіктер асырап алған қазақ қызы өзіне қол жұмсады

Фото: инстаграмнан алынған/janar_baisemiz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1716

Америкалық отбасы асырап алған қазақ қызы өзіне қол жұмсап, қаза болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Қаралы хабарды "Шетелдегі қазақ балалары" бағдарламасының жүргізушісі Жанар Байсеміз әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Динара журналистке берген сұхбатында анасыз өмірінің қиын екенін айтқан. Өзі Қостанайдың қызы екен. Америкадағы ата-анасы 6 жасында асырап алған. Динара түсірілім тобына тегін айтпаған. Асырап алған ата-анасы есімін ауыстырмаған. 

"Ата-анасы тастап кеткен балаларда "мені жақсы көрмегеннен кейін тастады, мен ешкімге керек емеспін" деген ой болады. Оларда қауіпсіздік, жайлылық туралы сезім жоқ. Олар махаббатты басқа жақтан іздейді. Бұл олар үшін өте қауіпті. Жаман жолға түсіп кетуі мүмкін", - деген Динара.

Динара балалар үйінде көп қиындық көргенін де айтқан. Бағдарлама барысында Динара тәрбиешілердің оны "сиыр" деп келеке еткенін айтқан. Оған өмір бойы анасының мейірімі жетпеген. 

Жанар Байсеміз Америкадан жеткен хабар қабырғасын қайыстырғанын жазды. 

"Динараның қазасын туған анасына қалай айтарымды білмей, құлазып отырмын" - деп жазды ол.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...