«Шортигіңді шеш»: Талғарда 7 жасар қызға ер адам тиіспек болған

ЖИ көмегімен жасалынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
107

Алматы облысының Талғар ауданында жеті жасар қызға қатысты азғындық әрекет жасауға оқталды деген күдікпен 48 жастағы ер адам ұсталды. Оқиға тапа-тал түсте көшеде болған, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

КТК телеарнасының мәліметінше, бүлдіршін құрбыларының үйінен велосипедпен қайтып келе жатқанда бейтаныс ер адам оны тоқтатқан. Ол велосипед дөңгелегінің желі шығып кеткенін айтып, қызды түсіріп алған. Кейін баланың аяғын сипалап, киімін шешуге мәжбүрлемек болып, автобустың тасасына апаруға әрекет жасаған. Қыз сәтін тауып, қашып кеткен.

Бүлдіршін болған жағдайды кейін анасына айтып, егжей-тегжейін ойыншығы арқылы көрсеткен. Оның сөзінше, ер адам мас күйде болған.

«Ол дөңгелегін сипаған болып, қызымның аяғын сипайды да, «аяғың күнге күйіп кетіпті ғой» деп, аяғындағы тәпішкесін шешіп тастайды. Қызым бірден, дереу аяқ киімін киіп алады. Содан кейін қызымның бөксесінен ұстап алып, көтенінен автобустың қалқасына алып келеді. Отырған кезде қызымды алдына қояды. Алдына тұрғызады да, «шортигіңді шеш, мен ана жеріңді көремін, ұстаймын»,  - дейді жәбірленуші қыздың анасы.

Оқиғадан кейін жергілікті тұрғындар балаларын көшеге жалғыз шығаруға қорқатынын айтып отыр. Жәбірленушінің отбасы күдіктінің заң аясында қатаң жазалануын талап етеді.

Алматы облыстық полиция департаменті аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 124-бабымен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдіктінің жеке басы анықталып, ол қамауға алынған. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.

Жеті жасар қыз психологтардың бақылауына алынған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Біріккен Араб Әмірліктерінде қаза тапқан қазақстандық апалы-сіңлінің әкесі қыздарының денесінен пыша...

Шоу-бизнес

Әнші Жазира Байырбекова Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанның қарым-қатынасына қатысты пікір білдірі...