Тәуелсіздік күніне орай «Жаңа адамдар» қозғалысы мобильді қосымшасын таныстырды

Madeniet Portaly

ЖАҢАЛЫҚТАР
152

Тәуелсіздік — бұл ел тағдырына немқұрайлы қарамау, жауапкершілік пен саналы таңдаудың көрінісі. Азаматтық еркіндік тәртіп пен міндеттермен ұштасқанда ғана мәнді болады. Осы ұстанымды алға тартқан «Жаңа адамдар» қозғалысы Тәуелсіздік күніне орай өзінің жаңа мобильді қосымшасын іске қосты.

Бірнеше жылдан бері қозғалыс азаматтық белсенділікті дамытуға бағытталған нақты бастамаларымен танылып келеді. Белсенділер зорлық-зомбылыққа, заңсыз қоқыс орындарына, ұзаққа созылған құрылыстарға, таксидегі заңсыз алымдарға, мерзімі өткен өнімдер мен кәмелетке толмағандарға алкоголь сатуға қарсы қоғамдық науқандарды жүзеге асырып келеді.

Қазіргі таңда «Жаңа адамдар» Қазақстанның 19 қаласында жұмыс істеп, ондаған мың белсендіні біріктіріп отыр. Қозғалыс дамуының келесі кезеңі — қызметті цифрландыру. Жаңа мобильді қосымша азаматтық қатысуды ашық, қолжетімді әрі ыңғайлы етуге бағытталған.

Платформа елдің әр өңіріндегі белсенділерді бір ортаға біріктіріп, өзара байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Қосымша экология, қалалық орта, заң мен тәртіп мәдениетін нығайту бағытындағы азаматтық бастамаларды дамытуға арналған бірыңғай цифрлық алаң ретінде жұмыс істейді.

Қосымша арқылы кез келген азамат қозғалысқа қосылып, өз қаласындағы азаматтық науқандарға қатыса алады, іс-шаралар күнтізбесімен танысып, тіркеледі, сондай-ақ ішкі мессенджер арқылы пікірлестермен байланыс орнатады. Болашақта бұл мессенджер Threads-ке балама жеке платформа ретінде дамытылмақ. Сонымен қатар, қолданушылар өз жобаларын ұсынып, жаңа азаматтық науқандардың көшбасшысы бола алады.

«Жаңа адамдар» цифрлық платформасы идеяны нақты іске айналдыруға дайын, өзгерістердің күшін сезінетін азаматтарға арналған.

«Бүгінде технология қарқынды дамып жатыр. Инновацияларды қалай және қандай мақсатта қолдану — өз қолымызда. Біз азаматтық белсенділікті түсінікті әрі ашық цифрлық форматта ұсынуды көздедік. Енді қозғалыс жобаларына қатысу барша белсенді азаматтар үшін бір ғана батырма арқылы қолжетімді. Бұл — саналы қатысу мен нақты әрекетке арналған құрал», — деді «Жаңа адамдар» қозғалысының өкілі Мейіржан Ғарифолаев.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының допинг сынамасына қатысты дау әлі де жалғасып жатыр, д...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желілерде Ұлттық Сурдлимпиадалық комитетінің вице-президенті Арсен Шакуов әйелге күш қолд...