Дәулет Мұқаев ата-аналарға үндеу жолдады

Фото: pikabu.ru

Жаңалықтар
355

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев ата-аналарға үндеу жолдап, дабыл қағып отыр, деп хабарлайды madeniportal.kz Halyq Uniтілшісіне сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, Қазақстанда шынымен де ай өткен сайын төрт аяқты адамдардың қатары көбейіп бара жатыр екен. Олар мысық, ит, қасқыр, сілеусін сынды аң, хайуандарға еліктеп, солардың күйін кешіп жүр. Тіпті, маяулайды, үреді, ұлиды. Ол аздай, солардың тамағына дейін жейді.

Ал шетелдерде төрт аяқты хайуанға еліктегендердің адамдарды тістеп, тырнаған әрекеттері тіркелген. Осылайша, олар адамшылыққа емес, нағыз айуандыққа қадам басып жатқан көрінеді. Өкініштісі, осы бір «жұқпалы ауруға» жасөспірімдер әуес келеді.

Депутаттың айтуынша, бұл – субмәдениет. Артында өзге күштердің үлкен бизнесі тұр.

Балаларыңыздың жануарға айналуы, әрине, қорқынышты, ақылға қонымсыз нәрсе. Дегенмен бұл – қоғам үшін қауіпті дерт. Оның алдын алуға атсалыспасақ, ертең ұрпақтың тамырына балта шауып алуымыз мүмкін. Керек болса, біздің тарапымыздан тиісті заң шығаруға дайынбыз. Сондықтан, ата-аналар, балаларыңызбен сөйлесіңіздер! Президент үнемі айтады, қоғамда заң мен тәртіп бірінші орында тұруы керек деп. Сондықтан барынша сақ болыңыздар! - деді депутат өз үндеуінде.

Толығырақ тоқтала кетсек, ондай адамдар квадробер деп аталады. Ал квадробика – спорттың бір түрі. Жарыста адамдар жануарлардың іс-әрекеттерін қайталайды. Квадробиканың негізін қалаушы – жапондық спринтер Кеничи Ито. 2000-жылдардың басында ол жүгіруді қоса алғанда, маймылдарша жүрудің 6 тәсілін ойлап тапқан. 2008 жылы Ито сол әрекетімен-ақ Гиннесстің рекордтар кітабына кірді. Өйткені ол 100 метрді төрт аяқтап 18,58 секундта жүгіріп өткен. 

Квадробиктің екінші ажырамас бөлігі – жануарлардың костюмдері. Жасөспірімдер беттерін жауып тұратын маскалар тағып, жануарлардың құйрықтарын жапсырып алады. Оларды тапсырысқа жасатады немесе өздері тігеді. Квадоберлердің өмірі мен салты туралы видеолар әлеуметтік желілерде толып тұр.

Алғашында тек спорт түрі, кейін жасөспірімдердің хоббиі ретінде пайда болған бұл қызығушылық қазір қауіпті «дертке» айналған. Яғни, адамдар шынымен де айуандыққа қадам басып жатыр. Бала немесе жасөспірім өзіне ұнайтын жануарды таңдап, соның әрекетіне еліктейді. Оны өз өмірінің бір бөлігіне айналдырады. Жануардың маскасын тағып, құйрығын жалғап, әрдайым образда жүргендіктен, мектептегі үлгерімі, қоғамдағы рөлі, достары мен ата-аналарымен қарым-қатынасы нашарлайды. Ал жануардың тамағын жегендері денсаулығына, азқазанына кері әсерін тигізіп жатыр. Тіпті образдан шыға алмай, өзі таңдаған жануар не істесе, соны жасайтын жағдайға жетіп жатқаны да бар. Көрші елдерде квадоберлердің көшеде төрт аяқтап жүріп, адамдарды тістеп, тырнаған жағдайлары да тіркелген.

Дәулет Мұқаев бұл дерттің біздің елде белең алмауы үшін ертерек тиісті шараларды қабылдауымыз керек деген пікірде. Қазір бұл әдет Еуропа мен АҚШ елдерінде ушығып барады. Тіпті Ресей мен Өзбекстанда да тіркелген.

Анастасия Малышкина / 72.RU

Сондықтан квадроберледің әрекетін құзырлы органдар мұқият зерттеуі керек. Сол себепті депутат ата-аналардың балаларын бақылап, шектен шығып кетпеуін қадағалуына кеңес берді. 

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...