“Түнде үйіне кірген”: Егде жастағы әйелді ауылдасы зорламақ болды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2370

58 жастағы әйелді ауылдасы ұрып, зорламақ болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бұл туралы “Не молчи” қоры мәлімдеді. Қор мәліметінше, 58 жастағы әйел ұйықтап жатқанда, ауылдасы үйге баса көктеп кіріп, әйелді ұрып-соққан. Кейін зорлауға тырысып, кетіп қалған. Ауыр жағдайда жатқан әйелді таңертең көршісі байқап қалады. Жедел жәрдем шақыртып, әйелді аман алып қалды. Бірақ әлі күнге дейін полиция ер адамды ұстамаған екен.

Оқиға былтыр, 25 қазан күні болған. Ал 26 қазан күні ер адам үйге қайта келіп, қызынан кешірім сұрап, ақша ұсынған. Ал әйелдің балалары күдіктінің жазасын алғанын қалайды. Олар анасын өздерімен бірге алып кетіпті. Себебі күдікті әлі күнге дейін бостандықта жүр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...