Алматыда есірткі сатуды жарнамалайтын граффити сурет салған жігіт ұсталды

Фото: polisia.kz

Жаңалықтар
492

Есірткі сатуды жарнамалайтын граффити суретті салғаны үшін полицейлер 21 жастағы жігітті ұстады, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы аясында Баум тоғайының аумағында тұрғын үйлер мен нысандардың қабырғаларына жазу жазумен айналысқан жергілікті тұрғын ұсталды. Бұл жазу тыйым салынған заттарды сататын алаңдардың бірінің мекенжайы екені белгілі болды. Тұрғылықты жерін тінту кезінде граффити салуға арналған трафареттердің, бояулардың және басқа да құралдардың бірнеше түрі табылды. Ұсталған азаматтың әрекетінде ҚР ҚК-нің 299-1-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілері бар. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев. 

Айта кетейік, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе прекурсорларын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. 

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...