“Келесі аялдама – жалғыздық”: Мереке Қалбаева көз жасын тыя алмай, жазба жариялады

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
741

Танымал әзілкеш Мереке Қалбаеваның желідегі жазбасы көпшілікті алаңдатты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеп.

Ол әлеуметтік желіде жанары жасқа толы суреттерін жариялап, жүрек тербер жазбасымен бөліскен.

«Кейде өмірде мүлдем қаламаған нәрселер орын алады. Бірақ амал жоқ – қабылдайсың, әрі қарай өмір сүресің. Келесі аялдамаға жалғыз кетіп барамын... Достар, әзірге не болғанын бүкпей айта алмаймын. Бірақ бір нәрсені мойындаймын – кінә өзімнен. Жылап жататын уақыт жоқ, алайда әйел баласы ретінде көз жасы арқылы жеңілдеп қалатынымыз бар. Мен тіпті шыңғырып жылаймын. Түрім өзгеріп кетті», – деп жазды ол.

Айта кетейік, әзілкеш Мереке Қалбаева өзінен бірнеше жас кіші Арсен Акиев есімді азаматқа тұрмысқа шыққан болатын. Қазір ол Instagram парақшасынан күйеуімен түскен барлық фото мен видеоларды өшіріп тастаған.

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...