“Тек пенсия туралы сұрап отырдыңыз”: Назгүл мен Құндыздың қамқоршысы Русланға шүйлікті

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
1957

Журналист Руслан Өтепбай Назгүл мен Құндыздың жағдайын білу үшін арнайы Таразға барды. Оның жанында психотерапевт Санжар Тұрсыметов та бар, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Оларды қыздардың заңды қамқоршысы Зульфия Төленова қарсы алды. Руслан Өтепбай қыздардың азып кеткенін айтты. Алайда Зульфия Төленова осы сөзден кейін халықтың шулап кеткенін, өзіне дөрекі сөздер айтқанын жеткізді. Әрі  ол қыздарды Сариев Илиясқа беруге ниет білдірген. Алайда Илияс ат тонын ала қашыпты.

Әрі Зулфия Төленова журналист Руслан Өтепбайға деген өкпесін білдірді. Оның айтуынша, Руслан Өтепбай бұған дейін қыздардың ай сайынғы төлемін сұрай беріпті.

Енді екі қыздың қамқоршысы қыздарды ешкімге бермейтінін, соттасуға дейін баратынын айтып отыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...