Крокустағы қырғынды ұйымдастырды деп күдікке ілінген тәжіктердің екеуі өз ауылдарында болып шықты

ЖАҢАЛЫҚТАР
3377

Ресейдің Қауіпсіздік қызметі Крокус Сити Холдағы қырғынды жасады деп суреттерін жариялаған Тәжікстан азаматтарының екеуі былтырғы қараша айынан бері өз отандарында өмір сүріп жатқан болып шықты. Бұл туралы Тәжікстан Ішкі істер министрлігі хабарлаған.

"Исмонов Риводжиддин мен Насреддинов Махмадрасул 2023 жылдың 26 қарашасында Тәжікстан Республикасына Ресей Федерациясынан келген. Қазіргі уақытта өздерінің тұрғылықты жерлерінде өмір сүріп жатыр", - делінген ведомствоның хабарламасында. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...