Темірлан Анарбеков Алматыда ректор грантының иегері атанды

ашық дереккөздерден

ЖАҢАЛЫҚТАР
965

Алматыда «Қайрат» футбол клубының үш ойыншысы ректордың грантына ие болды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Қақпашы Темірлан Анарбеков, жартылай қорғаушы Олжас Байбек және шабуылдаушы Мансур Бірқұрманов футбол ойнап қана қоймай, жоғары оқу орнында білім алып жүр. Бүгін үшеуі де ректор грантының иегері атанды.

Грантты табыстау рәсіміне Академия президенті Қайрат Закирьянов қатысты. Оның айтуынша, грант алу үшін студент оқуын да, спорттағы жетістігін де қатар алып жүруі керек. Академияда студент-спортшыларды қолдау әдейі қолға алынған. Мұнда спортпен айналысу үшін білім де маңызды деп есептейді. Сондықтан оқу мен спортты бір-бірінен бөліп қарамайды.

Айта кетейік, бұған дейін де «Қайрат» клубының қақпашысы Шерхан Қалмырза осындай грант алған болатын.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...