Үржарда жол апатынан зардап шеккен бала туралы тың дерек шықты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1173

Үржарда жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен бала медициналық авиациямен Семейге жеткізілді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Абай облысы Үржар ауданының Бестерек ауылында болған жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен үш баланың біреуі бүгін медициналық авиация арқылы Семей медицина университеті госпиталінің балалар бөлімшесіне жеткізілді.

Жарақатының ауырлығына байланысты бірден облыс орталығына жеткізу мүмкін болмаған. Дәрігерлердің бақылауынан кейін тасымалдауға рұқсат беріліп, Семейге жеткізілді. Қазір бала анестезия, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде ем қабылдап жатыр.

Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы мен Университет госпиталі баланы толық бақылауда ұстап отыр.

PESTEL

Үкімет ғимараттарына, мемлекеттік мекемелер мен білім беру мекемелеріне бүкіл ел бойынша туларды жар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда атмосфералық ауаны қорғаудың жаңа қағидаларын талқылау жалғасуда. Әсіресе, ең көп талқыланы...