Теміртаудағы қазақ жастары эксперименталды театры алғашқы спектаклін ұсынды

gov.kz

Жаңалықтар
612

Теміртау мәдениет сарайында Қазақ жастары эксперименталды театрының спектаклі көрсетілді. Премьераға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбековтің "Бір түп алма ағашы" драмасы таңдалды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Теміртау мәдениет сарайында Қазақ жастары эксперименталды театрының спектаклі көрсетілді. Премьераға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбековтің "Бір түп алма ағашы" драмасы таңдалды.

Театр актерлері металлургтер қаласының Мәдениет үйінде жұмыс істейтін театр клубының тәрбиеленушілері. Алғашқы маңызды спектакль С. Сейфуллин атындағы драма театрының режиссері Бекмұхамед Киікбаевтың жетекшілігімен қойылды.

– Барша халық Теміртауды өнеркәсіптік қала ретінде ғана біледі. Біз мұнда мәдени іс-шаралардың көбірек болғанын қалаймыз. Ең бастысы, жастар мәдениетке тартылады. Әзірге жеке театр ашуға мүмкіндік жоқ, бірақ Мәдениет үйінің сахнасында нақты қойылымдар қоюға болады. Көрермендер мен Теміртау басшылығы алғашқы қойылымды жақсы қабылдады. Театрдың болашағы жарқын болады деп үміттенеміз, – дейді Бекмұхамед Киікбаев.

"Бір түп алма ағашы" психологиялық драмасы қазақстандық театрлардың сахналарында бірнеше рет қойылды. Ол көрермендерге әр адамның ел, туған ауыл, үй, ата-ана алдындағы борышын еске салады. Отбасындағы қарым-қатынастың қиындықтарын ашады. Қойылымның басты кейіпкерлері – ауылда науқас баламен қалған ана және оның қалада тұратын ересек балалары.

Жастар эксперименталды театрының болашақ қойылымдарының хабарландыруларын Теміртау мәдениет сарайының Instagram парақшасынан көруге болады.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...