Threads-те пост астына пікір жазған азамат 2 жылға сотталды

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
126

Семейде Threads желісінде діни тақырыптағы жазбаларға пікір жазған тұрғын ұсталды. Ол сол пікірлері үшін 2 жылға сотталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz stan.kz-ке сілтеме жасап.

Семей қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, Азамат И. бір жарым жылға жуық уақыт бойы Threads әлеуметтік желісінде дін тақырыбына қатысты басқа қолданушылардың жазбаларына пікір қалдырған. Сот мәліметінше, ол жанжал тудыру мақсатында ұлттық және діни алауыздықты қоздыратын, адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне тиетін, олардың дінге және ұлтына қатысты кемсітушілік сипаттағы пікірлер жариялаған.

И. ұсталғаннан кейін тағылған айыпты толық мойындап, оған бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындауды сұраған. Ал прокурор бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.

“И. есімді азаматты қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігі (әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни алауыздықты қоздыру) бойынша кінәлі деп таныды. Сот үкімімен И. кінәлі деп танылып, жеңілдететін мән-жайлар (шын өкінуі, бұрын сотталмағаны, қылмыстық жауапкершілікке алғаш рет тартылуы, тұрғылықты жері мен жұмыс орнынан берілген оң мінездемелер) ескеріліп, оған 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотта ауырлататын мән-жайлар анықталмаған”, – делінген хабарламада.  

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашевтің педагогтерге ресми ме...

Шоу-бизнес

Блогер Ырысбала Икрамбай ажырасқалы жүргенін айтып, желіні шулатты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz....