«Зорламақ болған»: Шымкентте уақытша ұстау изоляторында 23 жастағы қыз қайтыс болды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
98

Шымкентте 23 жастағы Сания Жұбанышева есімді бойжеткен Уақытша ұстау изоляторында көз жұмды. Ол кәмелетке толмаған жасөспірімге пышақ жарақатын салды деген күдікпен қамауға алынған болатын, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Марқұмның адвокаты Мухаммад Алиосман Оглы әлеуметтік желідегі парақшасында оқиғаның мән-жайын баяндады. Оның айтуынша, Сания сол түні танысының шақыруымен жастар жиналған үйге барған. Адвокаттың сөзінше, сол жерде жігіттердің бірі бойжеткенді еркінен тыс жақын қатынасқа мәжбүрлемек болған.

- Сания қарсылық көрсетіп, сыртқа қашып шыққан. Қауіптенген ол құрбыларына геолокациясын жіберіп, полиция шақыруды сұраған, – дейді адвокат.

Оның мәліметінше, кейін сыртта ер адамдар арасында жанжал туындаған. Сания сол сәтті видеоға түсіріп тұрған көрінеді.

- Видеода бір адамның қолында пышақ бары байқалады. Сонымен қатар қазақ тілінде “Бауыздамай кетпеймін” деген сөз естіледі. Алайда тергеу қыздың жыныстық зорлық әрекеті туралы айтқанын толық тексерудің орнына, оны күдікті ретінде қамауға алуға басымдық берген, – деді қорғаушы.

Кейін адвокат 15 мамырға қараған түні Санияның көз жұмғанын хабарлады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

16 мамырда Қазақстанның бірқатар өңірінің тұрғындарына ескерту жарияланды, деп хабарлайды MadeniPort...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бірыңғай байланыс орталығы адам шошырлық кадрларды көрсетті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. &laqu...