Жаңа дизайнды жеке куәліктер беріле бастады

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2880

15 маусымнан бастап ҚР азаматының жаңа үлгідегі жеке куәлігі қолданысқа енгізілді, – деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі, Polisia.kz сілтеме жасап.

Жаңа үлгідегі құжатта жеке куәлік иесінің азаматтығы мен жынысы туралы деректер көрсетіледі.

Бұрын бұл мәліметтер жеке куәлікке салынған чипте болған.

Жеке куәліктің жаңа дизайны бюджеттен шығын талап етпейді және азаматтардың жаңа құжаттарды шығару үшін төлейтін мемлекеттік баж мөлшеріне әсер етпейді (2024 жылы мемлекеттік баж мөлшері 738,4 теңгені құрайды).

Жарамдылық мерзімі аяқталмаған жеке куәліктер бұдан әрі де жарамды болады.

Қазақстандықтар жаңа дизайнды жеке куәліктерді тек алдыңғының мерзімі аяқталған кезде немесе оларды басқа да себептермен ауыстыру кезінде ала алады. Яғни, бір мезгілде жаппай құжат ауыстыру болмайды.


ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәжіліс төрағасы Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп ха...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өскемендегі Казцинк зауытында болған жарылыс са...