Америка Құрама Штаттары Ай бетінде база салуға дайындық жүргізуде

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
98

Американың ғарыш агенттігі Айды игерудің жаңа кезеңі басталатынын жариялады. Бұл кезең Айда тұрақты база құруды көздейді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

NASA ресми түрде Moon Base ауқымды бағдарламасының іске қосылғанын жариялады. Бағдарлама Айда база салуды қарастырады. Sky & Telescope басылымының мәліметінше, бұл жоба агенттік бұған дейін жүзеге асырудан бас тартқан Lunar Gateway станциясының орнына ұсынылған.

Бағдарлама Жер серігін кезең-кезеңімен игеруді және адамдардың Айда ұзақ уақыт болуына қажетті инфрақұрылымды дайындауды мақсат етеді. Жоба аясындағы алғашқы миссияларды 2026 жылдың өзінде-ақ ұшыру жоспарланып отыр.

Бастапқы кезеңде NASA болашақтағы Ай базасына арналған техникаларды әзірлеуге 700 миллион доллардан астам қаржы бөлмек. Бұл қаражат айкөліктерді, қону модульдерін және ғылыми-зерттеу дрондарын жасауға жұмсалады.

Мамандардың бағалауынша, бағдарламаның жалпы құны 20 миллиард доллардан асуы мүмкін.

Жобаның негізгі мердігерлері ретінде Blue Origin, Astrolab, Lunar Outpost және Firefly Aerospace компаниялары таңдалды.

Соңғысы Айға арнайы дрондарды жеткізуге жауап береді. Олар Artemis Program аясында астронавтар қондырылмас бұрын Ай бетінің егжей-тегжейлі картасын жасаумен айналысады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодар облысындағы тасжолда жолаушылары бар такси жол қоршауына соғылған, деп хабарлады  Made...