Әжесін пышақтап өлтірген 11 жасар қыз сот алдында жауап бермейді

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1917

Мәскеуде 11 жастағы қыз әжесінің серуендеуге тыйым салғанына ашуланып, оны пышақтап өлтірді, деп хабарлайды madeniportal.kz Комсомольская правда басылымына сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтер бойынша, әжесі кешке репетитордың келетінін айтып, немересіне серуендеуге рұқсат бермеген. Ашуға бой алдырған қыз пышақ алып, әжесінің оң жақ бүйіріне ұрған. Зардап шеккен әйел жерге құлаған соң, қыз көршілерге барып, әжесінің қайтыс болғанын айтқан.

Қыздың көршілерінің біреуі пәтерге кіріп, әйелді жарақат алған күйінде тауып, жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер оқиға орнына келіп, зардап шеккенді ауруханаға жеткізгенімен, ол жарты сағаттан кейін реанимацияда қайтыс болған.

Мәскеу қаласының Тергеу комитеті денсаулыққа ауыр зиян келтіру, оның өліміне әкелу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Алайда Ресейдің қылмыстық заңнамасы бойынша, бұл бап бойынша қылмыстық жауапкершілік 14 жастан бастап белгіленеді. Сондықтан қыз сот алдында жауапқа тартылмайды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық танымал әзілкеш, актер Тұрсынбек Қабатов референдумда дауыс берді. Өнер иесі дауыс беру...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина республикалық референдумға қатысып, Алматыдағы П...