«Жарақаты жеңіл деп бағаланды»: Сарапшы Нұрқанат Ғайыпбаевтың дене жарақаттары жайлы айтты

Сурет видеодан скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
503

Шерзат Болат ісіндегі негізгі куәлар мен айыпталушылар сот алдында жауапталып болды. Енді тек тараптардың қосымша куәлары мен арнайы куәлар қайта шақыртылады. Оның ішінде Шерзаттың анасы да бар, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ .

Сот процесінде 2024 жылғы қазанның басында орын алған оқиғаға қатысты жәбірленуші Ғайыпбаевтың жарақатын зерттеген маман — сот-медицина сарапшысы Өмірбек Жолымбетов жауап берді.

Ол медициналық зерттеу 9 қазанда жүргізілгенін хабарлады.

Сарапшының айтуынша, Нұрқанат Ғайыпбаевтың денесінде бірнеше айқын жарақат белгілері болған. Атап айтқанда, сол жақ көзі астынан ұзындығы 3-5 см аралығындағы көгерген іздер анықталған. Бұған ұқсас қанталау оң құлағы тұсынан да байқалған — ұзындығы 1-2 см. Сонымен қатар, шүйде аймағында жұмсақ тіндердің ісінуі мен қабынуы тіркелген. Оң жақ жамбасында да ұзындығы 1,2 см және ені 0,1 см болатын жарақат болған. Және сарапшы бұл жарақатты өздігенен жазылып кетуі мүмкін әрі дәрежесі тұрғысынан жеңіл деп бағаланды.

Зерттеу қорытындысы бойынша, Ғайыпбаевқа мынандай жарақаттар диагноз ретінде қойылған: жабық бас-ми жарақаты, ми шайқалуы, маңдай тұсындағы жұмсақ тіндердің зақымдануы мен тері сыдырылуы, шүйде бөлігіндегі қанталау, кеуде тұсының жабық жарақаты, оң жамбастағы бірнеше шаншыла кесілген жара, сондай-ақ оң тізе буынына зақым келген. 

Жолымбетовтің айтуынша, Ғайыпбаевтың жамбасына қатарынан үш рет шаншыла жара салынған. Бұл әрекеттер бір затпен жасалып, арасы санаулы секундтармен жалғасқан болуы мүмкін.

Сарапшының пікірінше, жарақаттар оқиғадан кейін бір апта өткен соң зерттелгендіктен, олардың тереңдігі мен сипаты бастапқы кезеңмен салыстырғанда өзгерген болуы ықтимал.

ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ-тың Техас штатындағы жойқын су тасқынынан кейін бір аптадан сәл астам уақыт өткен соң, 12 шілдед...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағанды облысында жол апатынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.  Жол апат...