Мейрамханадағы жарылыс: 6 адам мерт болды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2133

Чехиядағы мейрамханада жарылыс болып, алты адам қаза тапты, деп хабарлайды madeniportal.kz.                                                        

12 қаңтарда Kojota мейрамханасындағы үлкен жарылыс салдарынан алты адам мерт болды. Тағы сегіз адам жарақат алды. Жарылыс кешкі сағат 23.00 шамасында болған.

Чехия өрт сөндіру қызметінің мәлімдемесіне сәйкес, қайғылы оқиға жылытқышты қуаттандырған пропан газ баллонының жарылуынан болған. 

Өрт сөндірушілер өртті сөндіріп, қаза тапқан алты адамның денесін алып шықты. Зардап шеккен сегіз адамның алтауы ауыр жағдайда екені мәлім болды. Олар Прагадағы ауруханаларға жеткізілді. Полиция оқиғаның себептерін тергеуді бастады.

Чехияның ішкі істер министрі Вит Ракушан өрт сөндірушілер мейрамханадан және жақын маңдағы тұрғын үйден 30-ға жуық адамды құтқарғанын айтты.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар...