«Еңбек» алдымен білім беруді көздейді

Жаңалықтар
709

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасында негізгі үш бағыт бар. Бірі – бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету. Екіншісі – кәсіпкерлікті дамыту болғанда, үшінші бағыты – бағдарлама қатысушыларын нәтижелі жұмыспен қамтамасыз ету. 



Бағдарламаға негізінен 29 жасқа дейінгі жастар қатысатын болғандықтан, білім алу әрқашан да маңызды. Әрі кез-келген кәсіп бастаймын деген жас адамның соған сай алдымен білім алуы өз-өзіне сенімді болуына да көмектеседі. 

Жуырда Үкімет отырысында бағдарламаның білім беруге, оқытуға қатысты бірінші бағыты бойынша мәлімет берілді. «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов ұлттық палата кәсіпорындар, колледждер немесе оқу орталықтары базасында өтетін қысқа мерзімді оқытуды жүзеге асыратынын айтты. Бұл бойынша оқу мерзімі – бір айдан алты айға дейін. «Атамекен» реестріне 216 оқу орталығы кіреді . Ағымдағы жылдың басынан бері 143 оқу орталықтарында 6 мыңға жуық адам білім алды. Қазіргі күні осылардың 56 пайызы жұмысқа орналасты, ал 19-ның тұрақты табысы бар», - деді палата басшысы.

Абылай Мырзахметовтың айтуынша, биыл 5 мыңнан астам адам шағын несие алып, бизнес жүргізген. Сондай-ақ, оқуға да қызығушылық танытып жатқан қатысушылардың қарасы мол. Спикердің айтуынша, бағдарлама бойынша білім алған кәсіпкерлердің жартысынан көбі несиелендіру барысында өз бизнес жобаларын сәтті қорғаған. Бұл орайда ол 23 796 адам оқыған «Бастау» жобасы туралы да айтты. Аталмыш бағдарлама бойынша жыл соңына дейін 28300 жұмыссыздар мен өз-өзін жұмыспен қамтығандарды оқыту жоспарланған екен.  


А. Сейілова



Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...