Ұлыбританияда өтетін көрмеге Берел қорғандарынан табылған тарихи жәдігерлер қойылады, деп хабарлайды...
Көршім әйелін ұрып жатты. Ал мен полиция шақырам деп өзім айыппұлға бата жаздадым
Фото интернеттен
Астананың қырағы тұрғыны полицияға көрші пәтерден қатты айқай-шу шығып жатқаны туралы хабарлаған. Ол көрші үйде күйеуінің әйелін ұрып жатқанына сенімді болған. Алайда құқық қорғау органдары келген кезде, жанжал басылып қалыпты. Келесі күні қоңырау шалушыға жалған қоңырау үшін айыппұл салынуы мүмкін екендігі айтылады. Tengrilife тілшісі адвокаттан мұндай жағдайда өзін қалай қорғау керектігін білді, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Порталдың жазуынша, WhatsApp редакциялық нөміріне жүгінген оқырман айтқандай, кешке қарай көрші пәтерден ол ерлі-зайыптылардың жанжалдасып жатқанын естіген. Сондай-ақ төбелеске ұқсас дыбыстар да шығып жатқан.
"Сонымен қатар, балалардың "әке, керек емес" деп шыр-пыр болған дауыстары да естілді. Мен полиция шақырдым. Олар тез арада келсе де, олар жеткенше ұрыс-керіс аяқталып, тыныш боп қалды. Шақыруға келген патрульшілер маған қайта қоңырау шалып, күйеуінің пәтерінде жоқ екенін хабарлады. Тек балалары мен анасы ғана бар екен. Олар бәрін тексеріп, әйелінен мән-жайды сұраған. Бірақ ол ешқандай төбелес немесе дау-жанжал болмағанын айтып, ант-су ішіпті.
Келесі күні олар маған тағы да полициядан қоңырау шалып, енді басқа көршілерден жауап алатын учаскелік полиция қызметкері бәрін түсінетінін айтты. Егер факт расталмаса, маған жалған қоңырау үшін айыппұл жазылады (ӘҚБтК-нің 438 - бабы, 30 АЕК - 110 мың теңге мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады). Әйтеуір көршілер де естігендерін айтқан сияқты, содан кейін маған полициядан хабарласпады. Дегенмен, мен екіойлы болып қалдым, сонда көршілер бірін-бірі қырып жатса да, ертең өзім опық жеп, айыппұл төлеп қалмау үшін үндемей отырыуым керек пе деген сұрақ маза берер емес,"- дейді ер адам.
Заңгер Данияр Байғабатовтың айтуынша, полицияны шақыру арыз жазғанмен тең қаралады. Сондықтан оларды шақырмай тұрып, нақты дәлел жинап алған дұрыс.
"Полицейлер өз кезегінде сотқа дейінгі сипаттағы барлық әрекеттерді - хаттама жасап, сауалнама жүргізуі тиіс. Егер сіз көршілердің ұрсысқанын естісеңіз, онда сіз күн, уақыт және мекен-жай туралы бейнежазба жасауыңыз керек. Сондай-ақ, қабырғаның немесе есіктің артында айқай, ұрыс, төбелес естілуі керек. Бұл жазбаны полицияға тапсыруға болады, сондықтан сіздің қоңырауыңыз жалған деп есептелмейді", - деп түйіндеді Данияр Байғабатов.