«Төрт бала жетім қалды»: Ақмола облысында жол апатынан жүкті әйел мен күйеуі қаза тапты

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
1289

Бестөбеден Степногорск бағытына қарай бет алған тасжолда жан түршігерлік жол апаты болып, ерлі-зайыптылар қаза тапты. Бесінші сәбиін күтіп жүрген отбасының артында төрт баласы қалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға ерлі-зайыптылар қалаға жоспарлы медициналық тексеріске бара жатқанда тіркелді. Әйел жүктіліктің бесінші айында болған. Жол үстінде олар отырған жеңіл көлік жол талғамайтын көлікпен бетпе-бет соқтығысқан.

Көп балалы ана оқиға орнында тіл тартпай кетті. Күйеуі де алған ауыр жарақаттарынан көз жұмды.

Ерлі-зайыптылардың артында 1 мен 15 жас аралығындағы төрт бала қалды. Ең кішісі небәрі бір жаста — оның туған күнін отбасы желтоқсан айының соңында ғана атап өткен. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында әйелін ит қауып алғаннан кейін жануарды балтамен ұрып өлтірген ер адам сот алдында...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық өнер иесі, композитор әрі продюсер Қанат Айтбаев жалғыз қызы Раушанға арнап жаңа ән шығ...