Мереке кезінде жүзден астам бала із-түзсіз жоғалып кетті

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1730

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы» мерекесінде 100-ден астам бала мен жасөспірім жағалауда адасып қалды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

100-ден астам бала біраз уақыт ата-анасының қамқорлығынсыз қалған. Олардың барлығы арнайы дайындалған киіз үйге жеткізілді.

«Үлкені 15 жаста болса, кішісі әлі бесікарбада отырды. Қазір барлығы ата-анасына қайтарылды. Сахнадан ата-аналарға бала жоғалса, алдымен киіз үйге барып, сол жерден іздеу керектігі ескертілді. Жалпы, мұндай оқиғалар әр қоғамдық іс-шарада болып тұрады. Біздің қызметкерлер бұған үйреніп қалған», - деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, іс-шара барысында 40 азамат медициналық көмекке мұқтаж болды. Мерекеге 100 мыңнан астам көрермен жиналды. Сондай-ақ Ақтауда дрон шоуы өтті. Ақтау тұрғындары мен қонақтары әсіресе әнші Димаш Құдайбергеннің сахнаға шығуын асыға күтті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі ел делегацияларының қатысуымен өткен келіссөз барысында Президент өзара ықпалдастықты одан әрі н...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында мұнай саласының екі жұмысшысы арасындағы жанжал ауыр қылмыспен аяқталды, деп хабарл...