«Мен бәрін көріп отырмын»: Аша Матай жаңадан сайланған депутаттарға үндеу жасады

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
645

Әнші әрі тележүргізуші Аша Матай Құрылтай сайлауынан кейін жаңадан сайланған депутаттарға үндеу жасап, оларға сәттілік тіледі. Өнер иесі халық қалаулыларына үлкен жауапкершілік жүктелгенін атап өтті, деп хабарлады MadeniPortal.kz. 

Аша Матай әлеуметтік желідегі жазбасында Құрылтай сайлауының аяқталып, халық таңдаған депутаттардың ант қабылдағанына тоқталды.

«Құрметті халайық, Құрылтай сайлауы өтті. Халық сайлаған депутаттар сайланып, тиісті антты қабылдады. Мен бәрін көріп отырмын, жаңадан сайланған депутаттарды құттықтап, жұмыстарына сәттілік тілеймін», – деді әнші.

Өнер иесі жаңа құрамдағы депутаттар мемлекет пен халықтың игілігі үшін адал қызмет етеді деген сенімін де білдірді.

«Мемлекетіміздің, халқымыздың игілігіне шын жүректен қызмет етеді деп сенім білдіріп, үміт артамын. Берген анттарыңызға берік болыңыздар. Ақ жол, сіздерге құрметті депутаттар», – деді Аша Матай.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда мектеп формасына қойылатын бірыңғай талапты бұзған жекеменшік мектеп лицензиясынан айыры...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тбилиси – Астана бағытындағы ұшақта электронды темекі шеккен 38 жастағы шетелдік жолаушы жауап...