Түнде саябақта екі бірдей адамды бауыздап кетті

Фото: Shot

ЖАҢАЛЫҚТАР
1924

Мәскеудегі екі бірдей саябақта ер адам мен әйелге пышақпен шабуыл жасалды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ POLITICO.KZ сайтына сілтеп.

Алғашқы оқиға Филевский саябағында тіркелді – мойын тұсынан пышақ жарақатын алған ер адам оқиға орнында қаза тапты. Бірнеше сағаттан кейін Битцевский орманында тағы бір қылмыс орын алған: сол жерден әйел адамның денесі табылып, жанынан пышақ анықталды. Қазірге дейін оның алған жарақаттары жайлы нақты ақпарат жоқ. Алайда әйел де көз жұмғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Құқық қорғау органдары ер адамға шабуыл жасаған күдіктіні анықтап, оны ұстады. Күдікті өз кінәсін толық мойындаған. Тергеу комитеті оның қамауға алынуын сұрап, тиісті өтінішті жолдады. Қылмыстық іс бойынша тергеу барысы Мәскеу қалалық прокуратурасының бақылауында.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Индонезияның Ява теңізінде жолаушылар кемесі аударылып, 129 адам жоғалып кетті. Оларды іздеуге 600-д...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, солтүстік өңірлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі, кей...