Алматыда 6 жастағы баладан алып ісік табылды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
91

Алматыдағы №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері алты жастағы балаға ота жасап, салмағы үш келіден асатын алып ісікті алып тастады, деп хабарлады MadeniPortal.kz

№2 БҚКА мәліметінше, бала ауруханаға ішінің қатты үлкеюі, ауырсыну және мазасыздық белгілерімен түскен. Кешенді тексеруден кейін дәрігерлер құрсақ қуысының артқы бөлігінен алып түзілісті анықтаған.

Аурухана директоры Марат Рабандияровтың айтуынша, операцияның күрделілігі ісіктің көлемімен ғана емес, оның ірі қан тамырларымен тығыз байланысуымен және қанмен мол қамтамасыз етілуімен байланысты болған. Бұл ота кезінде көп мөлшерде қан жоғалту қаупін арттырған.

«Техникалық күрделілікке қарамастан, хирургтеріміз түзілісті толық ажыратып, біртұтас күйінде алып тастады және айтарлықтай қан жоғалтудың алдын алды. Алынған түзілістің салмағы 3,124 келі болды. Гистологиялық зерттеу оның липома – май тінінен түзілген қатерсіз ісік екенін растады», – деді Марат Рабандияров.

Дәрігерлердің сөзінше, ісік одан әрі өскен жағдайда ішкі ағзалар мен қан тамырларын қысып, олардың орнын өзгертуі және ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін еді.

«Бұл – командамыздың тағы бір кішкентай жеңісі. Ең бастысы, бала дені сау, жүзінде күлкісі бар күйде үйіне оралып жатыр. Балаларыңызды қорғаңыздар және олардың денсаулығында немесе сыртқы келбетінде әдеттен тыс өзгерістер байқалса, мамандарға жүгінуді кейінге қалдырмаңыздар», – деді ота жасаған хирург, аурухана директорының хирургия жөніндегі орынбасары Марат Қаптағаев.

Операция сәтті өтті. Бала қалпына келіп, ауруханадан үйіне шығарылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Димаш Құдайберген DIMENSIONS әлемдік турының екінші тарауын таныстырды. Жаңа концепция шынайы және ц...

Шоу-бизнес

Белгілі әнші Жеңіс Ысқақова ұлының алғашқы некесі, бұрынғы келінімен қарым-қатынасы және олардың бір...