Instagram желісінде бағалы заттарды ұтысқа салған аккаунт иесіне әкімшілік іс қозғалуы мүмкін, деп х...
Жезқазғанда анасы мен қызын айуандықпен өлтіріп кеткен
Фото: Almaty.tv
Жезқазғанда 1966 жылы туған әйел мен оның кәмелетке толмаған қызын бәзбіреулер асқан қатыгездікпен өлтіріп кеткен, деп хабарлады Мadeniportal.kz.
Бұл туралы Almaty.tv жазды.
Аймақты дүр сілкіндірген қылмыс осыдан 2 күн бұрын болыпты. Бұған дейін қалалық әкімдікте есепші қызметін атқарған келіншекті қылмыскер мойын тұсынан 7 рет пышақтаған. Ал Астанадағы халықаралық колледжде 2-курс оқитын қыздың денесі жатын бөлмеден табылды. Оның да мойнында зорлық белгілері бар. Яғни, бойжеткен сыммен қылғындырылуы мүмкін. Аталған қылмыс марқұмдардың пәтерінде болған. Қазір адам шошырлық дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.
«Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер осы қылмысты жасады деген күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ол жауап алу кезінде өз кінәсін мойындады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы облыстық Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында», – деді Полиция департаменті бастығының орынбасары Алмаз Саламатов.