Мешітте апат болып, бірнеше адам көз жұмды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
318

Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясында жұма намазы кезінде мешіт маңында қуатты жарылыс болды. Оқиға салдарынан кемінде 16 адам қаза тауып, 50-ден астамы жарақат алды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жарылыс Кохат ауданындағы полиция басқармасы кешенінің кіреберісінде орналасқан мешіттің маңында болған. Провинция полициясының басшысы Зульфикар Хамидтің мәліметінше, мешіт жанында жарылғыш зат тиелген көлік жарылған.

Осыдан кейін қарулы адамдар мен қауіпсіздік күштері арасында атыс басталған. Қақтығыс кезінде полиция басқармасы аумағында тағы бір жарылыс болған.

Полицияның хабарлауынша, атыс барысында алты содырдың көзі жойылған. Олардың арасында мерген мен жанкешті болған.

Шабуылдан кемінде 16 адам қаза тапты. Қаза болғандардың бесеуі – полиция қызметкері. Бұдан бөлек, 50-ден астам адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Жарылыстың күшті болғаны соншалық, мешіт маңында үлкен шұңқыр пайда болып, ғимараттың сыртқы бөлігіне зақым келген. Қабырғалардың бірі опырылып құлаған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екібастұзда көпқабатты үйдің ауласында жеңіл көлік алты жастағы баланы қағып, ол оқиға орнында қаза...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде үш Ұлттық ұлан қызметкерінің баланы қолынан ұстап алып бара жатқан видеосы тарады....