Тұрғын үй кезегіне өтінім қабылдау басталды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1430

Тұрғын үй кезегіне өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бүгін үй кезегіне тұруға өтінім қабылдау басталды. Өтінім orken.otbasybank.kz порталы арқылы қабылданады. Есепке тұру үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет. Басты талаптың бірі - соңғы 5 жылда өзіңіздің және отбасы мүшелеріңіздің атында үй болмау керек.

Астана, Алматы, Шымкент қаласының тұрғындары болса, мегаполисте соңғы үш жыл тұрақты тіркеуде болуы шарт. Сондай-ақ, бұл тізімге жалғыз баспанасы апатты деп танылғандар да қосылады.

Жүйе үміткердің талаптарға сәйкестігін автоматты түрде тексереді. Өтінім беру барысында әлеуметтік санаттың қай тобына жататыныңызды көрсетесіз, дербес деректердің жинауға келісім бересіз. Одан соң 1414 нөмірінен келген SMS-хабарламаға жауап беру керек. Қызмет көрсету мерзімі - бір жұмыс күні.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ішкі істер министрлігі адам саудасына қатысты қылмыстарға қарсы күрес жүргізу және қоғамның, әсіресе...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде 2026 жылғы 29 сәуірге дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады Ma...