Бүгін елімізде Ауғанстандағы жағдай бойынша сараптамалық талқылау өтеді

Жаңалықтар
1348

Бүгін халықаралық қатынастар жөніндегі қазақстандық кеңестің (КАСМО) қамқорлығымен Ауғанстандағы жағдай бойынша сараптамалық талқылау өтеді, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

Талқылауға өңір бойынша белгілі сарапшылар қатысады:

1. Өміртай Бітімов, Қазақстан Республикасының Ауғанстан Ислам Республикасындағы бұрынғы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2011-2018), Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Барлау» қызметінің бұрынғы директоры (2002-2009).

2. Ерлан Қарин, халықаралық қатынастар жөніндегі қазақстандық кеңестің төрағасы, терроризм бойынша бірқатар зерттеудің авторы.

3. Сұлтан Әкімбеков, Азиялық зерттеулер институтының директоры, «Ауған түйіні және Орталық Азия қауіпсіздігінің мәселелері» (1998, 2003), «Ауғанстан тарихы» (2015) кітаптарының авторы.

4. Санат Көшкімбаев, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары, Орталық Азия бойынша маман.

Талқылау КАСМО және халықаралық «ҚазАқпарат» агенттігінің Facebook-тегі аккаунттарында көрсетіледі.

Трансляция 2021 жылдың 16 тамызында сағат 14.00-де басталады.

Еске сала кетсек, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы жағдай бойынша жиын өткізген болатын.

madeniportal.kz

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...