Еліміздегі су ресурстарының негізгі көлемі жер үсті сулары болып келеді. Олардың 44% Ресей, Қы...
Түркияда «3. Мұражай, Поэзия, Музыка - өнер мен мәдениеттің бауырластығы» атты іс-шара өтті
2186
Түркия Республикасы Мәдениет және Туризм Министрлігінің қолдауымен İLESAM (Түркия ғылыми және әдебиет иелері қауымдастығы (бұдан былай -İLESAM) ұйымдастырған « 3. Мұражай, Поэзия, Музыка - өнер мен мәдениеттің бауырластығы» атты іс-шара өтті.
Аталмыш іс-шара Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі, Анкарадағы Анадолы өркениеттері мұражайында Түркия Республикасының Туризм министрінің орынбасары Өзгүл Өзкан Явуз, İLESAM төрағасы Мехмет Нури Пармақсыз, өнертанушылар мен ақындар қатысуымен орын алды.
Алқалы жиынның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Елші А.Сапарбекұлы мұражай және мұрағат саласының маңыздылығына тоқтала келе, Қазақстан мен Түркия арасындағы мұражай саласындағы ынтымақтастықты тілге тиек етті. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында еліміздің тарихи-мәдени мұрасын жаңғырту іс-шаралары туралы ақпарат берген Елші А. Сапарбекұлы 2018 ж. жарық көрген Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына назар аудара отырып, мақалада ұлттық мәдениетімізге қатысты маңызды жобалар ұсынылғанын атап өтті. «Мақалада атқа міну, тау-кен ісі, жануарлардың стилі, Алтын адам, Ұлы дала, Жібек жолы, сияқты құндылықтарды күн тәртібіне қойып, түрік өркениеті адамзатқа әкелген мәдениеті ретінде енгізу керек деген ұсыныс жасалған» деп сөз қозғады.
Сондай-ақ аталған іс-шара өнертанушылар мен ақындардың, окрестрдің қатысуымен ұйымдастырылған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.