Маржан Арапбаеваны азаматтық некедегі күйеуі ұрып, шашынан сүйреген

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
2699

Белгілі әнші Маржан Арапбаеваның азаматтық күйеуі Ербол Нұрмұхамбетов түнгі уақытта қоғамдық орында бейәдеп сөз айтып, сүйіктісін шашынан сүйреген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға тұрғын үйдің ауласында болған. Жанжал кезінде ер адам әйелге күш қолданған. Сот шешімімен 43 жастағы Астана тұрғыны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сонымен қатар, ер адамның үстінен дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қосымша арыз тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Маржан Өмірзаққызы 1978 жылы 7 ақпанда Шымкентте туған. Қазақстанның танымал эстрада әншісі, композитор. Халықаралық ән фистивальдерінің жүлдегері. 2017 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері  атағын алған. 

PESTEL

Бұл туралы Дубай үкіметінің БАҚ кеңсесі әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеген, деп хабарлайды...

PESTEL

АҚШ президенті Дональд Трамп бүгін Иран "өте күшті соққы алатынын" мәлімдеді, деп хабарлайды Ma...