Түркияда ұсталған «Атыраулық хакерге» сот үкімі шықты

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
85

Атырауда әлеуметтік желіде «Атыраулық хакер» деген атпен танылған 32 жастағы Нұрлан Жаңбырбаевқа қатысты сот үкімі шықты. Ол бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін 3 жыл 6 айға шартты түрде сотталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Іс бойынша 12 адам жәбірленуші деп танылған. Оларға келтірілген жалпы материалдық шығын 13 миллион теңгеге жуықтаған. Оның 9 миллион теңгесі қайтарылған.

Нұрлан Жаңбырбаев Жангелдин ауылындағы тұтас бір отбасының жоғалуына қатысты оқиғадан кейін көпшілікке танылған еді. Ол 2026 жылдың қаңтарында Түркияда ұсталып, Қазақстанға жеткізілген.

Алайда оған қатысты шығарылған сот үкімінің отбасының өліміне байланысты тергеуге қатысы жоқ. Жаңбырбаев алаяқтық деректері бойынша сотталған.

Атырау қаласының №2 сотының мәліметінше, сотталушы 2022, 2024 және 2025 жылдары азаматтарға IT курстарын өткізуге, бұғатталған әлеуметтік желі аккаунттарын ашуға, инвестициядан табыс табуға және интернет-алаяқтарға аударылған қаражатты қайтаруға уәде берген. Алайда міндеттемелерін орындамай, ақшаны иемденген.

Сот жаза тағайындау кезінде оның бес кәмелетке толмаған баласы барын, бұрын сотталмағанын, кінәсін мойындағанын және келтірілген залалды ішінара өтегенін ескерген.

Бастапқыда оған 4 жыл 8 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. Алайда рақымшылық туралы заңға сәйкес жаза мерзімі төрттен бірге қысқартылған.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектінің қарқынды дамуы электр энергиясына деген с...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда үш мектеп оқушысы есірткі заттарын сату мақсатында сақтады деген күдікпен ұсталды. Олардың...