Алматыда 7 және 9-сынып оқушылары есірткі курьері болған

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
135

Алматыда үш мектеп оқушысы есірткі заттарын сату мақсатында сақтады деген күдікпен ұсталды. Олардың ең кішісі небәрі 12 жаста. Алдын ала мәлімет бойынша, қыздар есірткі курьері болып жұмыс істеп, тыйым салынған заттарды жасырын орындарға қалдырып отырған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz КТК арнасына сілтеме жасап. 

Ұсталған оқушылар жетінші және тоғызыншы сыныптарда білім алады. Қазір осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұдан бөлек, Рудный қаласында тағы екі жігіт ұсталған. Сондай-ақ есірткі сататын интернет-дүкеннің қоймашысы болып жұмыс істеген 19 жастағы Жітіқара тұрғыны да қолға түсті. Оны ұстау кезінде шамамен 400 грамм синтетикалық есірткі заты тәркіленген.

Бас прокуратура өкілдерінің мәліметінше, қылмыстық топтарды анықтауға "Кибернадзор" жүйесі көмектесіп жатыр. Оның көмегімен есірткіні насихаттау белгілері бар 10 мыңнан астам материал бұғатталған. Олардың қатарында алты мыңнан астам есірткі сататын интернет-дүкен бар.

Сонымен қатар қылмыстық жолмен алынған 2,5 миллиард теңгеден астам қаражатқа тыйым салынған.

Бас прокурордың аға көмекшісі Саян Әбденовтің айтуынша, заманауи технологиялар есірткі желісіне қатысы бар адамдарды анықтап қана қоймай, заңсыз бизнесті ұйымдастырушыларды да әшкерелеуге мүмкіндік береді. 

Ол заманауи технологиялардың есірткі желісіне қатысушыларды анықтауға және қылмыстық бизнесті ұйымдастырушыларға шығуға көмектесетінін атап өтті. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда әлеуметтік желіде «Атыраулық хакер» деген атпен танылған 32 жастағы Нұрлан Жаңб...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектінің қарқынды дамуы электр энергиясына деген с...