№28 жалпы білім беру мектебінде оқитын 16 жастағы жасөспірім екінші тоқсан басталғалы ауырып, сабаққ...
Түркияның Ризе қаласында лай көшкіні жүрді
Фото: https://www.youtube.com/@nocomment
2762
Түркияның Ризе қаласында лай көшкіні жүрді, деп хабарлайды madeniportal.kz.
ВВС мәліметінше, Чайели ауданында толассыз жауын жауып, алты қабатты тұрғын үйдің іргесіндегі топырақ сусып, бірінші қабаттағы бір пәтердің қабырғасын опырып жіберген. Салдарынан бір адам қайтыс болды. Тағы кемінде төрт адам жарақат алған.
Құтқарушылар ғимараттан тұрғындарды эвакуациялады.
Чайели билігі лай көшкіні әлі де жүруі мүмкіндігін жоққа шығармайды.