Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында "Бірлік. Жаса...
Түркістан облысында 11-сынып оқушысы 14 жастағы қызды жарты жыл зорлаған
Фото: freepik
Түркістан облысы Сайрам ауданында жігіт мектеп оқушысын жарты жыл зорлап келген, деп хабарлайды Madeniportal.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы «Не молчи» қоры мәлімдеді. Бұл жағдай 2 жыл бұрын болған. 2022 жылы 17 жастағы 11-сынып оқушысы 7-сынып оқитын 14 жастағы қызбен кездеседі. Жігіт қызды пышақпен қорқытып, жыныстық қатынасқа мәжбүрлейді. Кәмелет жасына толмаған қыз болған жағдайды біреуге айтуға қорқады. Жігіт асылып өлетінін, өліміне қыз кінәлі екенін айтып қолхат қалдыратынын, кейін оны түрмеге қамайтынын айтып қызды қорқытады. 6 ай ішінде жігіт қызды қорқытып, азаптаған. Ол оның қолын кесіп, өміріне қауіп төндірген. Кейін жігіт өзін қыздың үйінде өлтіретінін, өліміне қыздың туыстары кінәлі болатынын айтып, қорқытуын тоқтатпаған.
2023 жылдың қаңтарынан шілдесіне дейін жігіт қызды тағы бірнеше рет зорлайды. Қыздың анасы бар жағдайды біледі. Кейін бірден Сайрам ауданының полиция басқармасына арыз жазады. Алайда сот әлі күнге дейін жалғасып келеді. Жігіт әлі күнге дейін бостандықта жүр.
«Не молчи» қоры жоғарғы соттан осы мәселені біржақты етуді сұрады. Қордың мәліметінше, қыз осы жылы мектеп бітіреді екен. Ал жігіт жауапкершілікке тартылуы керек ересек адам.