Асанәлі Әшімовтің жарының еңіреп жоқтау айтқан видеосы тарады

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
2253

Әлеуметтік желіде марқұм Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімованың жоқтау айтып отырған бейнежазбасы тарап кетті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы  Sn.kz  жазды. Кадрлардан оның еңіреп жылап, дауысы дірілдеп тұрғаны байқалады.

«Азаматым-ай… асқар тауым құлады. Жатқан жерің жайлы болсын. Енді ішімдегі мұңды кімге барып шағамын?» деген сөздер анық естіледі.

Осы видеоға қатысты желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.

«Бағдат әпкеге обал-ақ, бар ғұмырын сол кісіге арнаған парасатты жан», «Әртіс болғаннан кейін көптің алдында солай айтып тұрған шығар», «Жоқтау айту дәстүрі ұмытылып барады, бұл – қазақтың салт-санасы», «Бағдатқа сабыр берсін», «Жоқтауды көбіне жас өлікке айтады емес пе?» деп жазды олар.

 

@alma_kara_p1ma #асаналиашимов #имандыболсын #жоқтаудәстүрі ♬ оригинальный звук - alma_kara_p1ma

author

Асанәлі Әшімов

АКТЕР

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...